Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге дөңгелек үстел отырысын өткізді

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге дөңгелек үстел отырысын өткізді

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  бірлесіп,  дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Қарағанды облысы бойынша ІМАД басшысы М.С. Байдурин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты міндеті қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтауы болып табылатынын еске салды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штабының мушелері: Әкім Ерланұлы Сактапберген - Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқармасының бас маманы және Алтынай Ислямовна Сулейменова - Орталық-Қазақстан Академиясының оқытушысы, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпараттық-ағарту штабының мүшесі  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөнінде айтып берді.

Сондай-ақ," дөңгелек үстелде" Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе оларды ұсынған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін қызметтер қабылдауына тыйым салу жөніндегі мәселелер талқыланды.

Кеңестің мақсаты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне төзбеушілік атмосферасын құруды насихаттау, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламаларының орындалу барысын жандандыру болып табылады.