Атырау облыстық ІМАДта қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында жиналыс өткізілді

Атырау облыстық ІМАДта қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында жиналыс өткізілді

Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде  қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында жиналыс өткізілді. Бұл мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтау жөніндегі жұмыс шеңберінде ұйымдастырылуда. Осы мақсатта жиналысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары А.Мамыт қатысты.  А.Мамыт  Департаментің қызметінің негізгі бағыттарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерге қысқаша тоқталып өтті. Атап айтқанда, А.сотталған сыбайлас жемқорлар мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмайтыны, басшы лауазымдағы адамдардың қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін  жауапкершілігі заң жүзінде бекітілгенін, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам квазимемлекеттік сектор ұйымында ешбір лауазымға қабылдана алмайтынын, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға берілетін сыйлықақы туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Адалдық алаңы»,  «Адал көмек» жобалары жүзеге асырылып жатқандығы, ол жобалардың мақсаты - мектеп қабырғасынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптастыру  екенін атап өтті. Жиналыс соңында Мамыт  туындаған сұрақтарға жауап берді.