2021 жылдың 21 маусымында Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Мақсат Данаұлы Абекеновтің қатысуымен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді.
Мақсат Данаұлы Абекенов мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметші мәртебесіне нұқсан келтіретіндей әрекеттерге бармау, өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін болдырмау және оның салдары туралы айта отырып, барлық қызметкерлерді мемлекеттік қызметте барынша адал болуға шақырды.