Қызылордалық аудиторлар ұжымында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау шаралары талқыланды

Қызылордалық аудиторлар ұжымында сыбайлас жемқорлық көріністерін  болдырмау шаралары талқыланды

        18 маусым күні  Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу шаралары туралы» тақырыбында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы              іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, заң ғылымдарының магистрі Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

  Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және Әдеп кодексінің талаптарының сақталуына қатысты сұрақтар қамтылып, өзекті тақырыптар талқыланды.

    Жиын қорытындысымен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша бірқатар кеңестер берілді.