Солтүстік Қазақстанда "2020 жылға жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары" тақырыбына селекторлық кеңес өткізілді

Солтүстік Қазақстанда "2020 жылға жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары" тақырыбына селекторлық кеңес өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2021 жылғы 16 маусымда облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өкілдерінің қатысуымен "2020 жылға жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары" тақырыбына селекторлық кеңес өткізілді.

Департаменттің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы А. Ғ. Өмірзақова бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық жағдайы, олардың қызметіндегі жүйелі кемшіліктер туралы ақпаратпен, аудит объектілерінің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігін жетілдіру бойынша ұсыныстармен сөз сөйледі.