
Департамент тарапынан 2021 жылдың 1-ші тоқсанында қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты 83 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, айыппұлдын жалпы сомасы 9,3 млн. теңгені құрап, оның ішінен 9,0 млн. теңгесі бюджет кірісіне өндірілген.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2021 жылдың 1-ші тоқсанында анықталған заңнама бұзушылықтардың 622,1 млн. теңге сомасында 5 мемлекеттік аудит материалдары жолданған.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 75 аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тартылған.
Өткен кезең ішінде, Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға және оған жол бермеуге бағытталған 66 іс-шаралар өткізілген.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарында 46 Департаменттің аудиторлық қызметінің көрсеткіштері бойынша мақалалар мен жарияланымдар жарияланған.