Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтарына әрекет ету шарасы ретінде

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтарына әрекет ету шарасы ретінде

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау болып табылады.

Заңнамаға сәйкес камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік сатып алу саласын бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін ғана жүргізіледі, бұл ретте бақылау объектіге бұзушылықты өз бетінше жоюды ұсыну арқылы сатып алудағы бұзушылықтардың уақтылы жолын кесуге бағытталған.

Камералдық бақылаудың басты ерекшелігі әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Бақылаудың бұл түрі конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір дереккөз, тауар биржалары сияқты сатып алуды өткізу рәсімдерін қамтиды.

Бұл ретте, 441 мың сатып алу қамтылып, 18 мың сатып алу бойынша бұзушылықтардың жолы кесілді.

Ағымдағы күні ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 47-бабы шеңберінде әлеуетті өнім берушілердің 20 мыңнан астам өтініші қаралып, оның ішінде 11 мың өтініш қанағаттандырылды/ішінара қанағаттандырылды, 9 мың өтініш бойынша қанағаттандырудан бас тартылды.