
ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Ішкі аудит қызметтерінің аудиторлық материалдарына сапаны бақылау мәселелері бойынша онлайн форматта семинар-кеңес өткізді және "ішкі аудит қызметтері қызметінің тиімділігін бағалау" Ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығымен бекітілген) (бұдан әрі – рәсімдік стандарт) өзгерістерге қатысты мәселелерді талқылады.
Семинар-кеңеске орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерінің және ҚР ҚМ бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің ҚР Ішкі істер министрлігі полиция департаменттерінің басшылары (өкілдері) қатысты.
Семинар-кеңесте ІАҚ аудит материалдарының сапасын бақылау бойынша негізгі проблемалық мәселелер, сондай-ақ рәсімдік стандартқа өзгерістерге қатысты мәселелер талқыланды.
Семинар-кеңестің нәтижелері бойынша барлық ІАҚ аудиторлық іс-шараларды жүргізу кезінде аталған кемшіліктер мен ескертулерге жол бермеу және кейіннен алқалы талқылау және кезекті семинар-кеңестің күн тәртібіне енгізу үшін ІАҚ қызметіндегі проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстар беру жөнінде шаралар қабылдауға тапсырма берілді.