
Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қ.Жұмабаев және персоналмен жұмыс және қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгері Қ.Утеуовамен Ақтөбе облысының Мұғалжар және Байғанин аудандарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу мақсатында ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің сақталуы мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудандар әкімі орынбасарларының төрағалығымен өткізілген семинарға ауданның мемлекеттік сатып алуына жауапты бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдерімен қоса мамандары қатысты.
Бұдан бөлек, Департамент басшысының орынбасары Қ.Жұмабаев аудит барысында жиі кездесетін бұзушылықтар бойынша азаматтарды жекеқабылдау жүргізді.
Семинар барысында Департамент заңгері Қ.Утеуова мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттар бойынша өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап арызбен уақытылы жүгіну сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізетіндігін назарға алды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы бұзылған жағдайда лауазымды тұлғаларға қатысты жауапкершілік түсіндіріп, басқа да Департаменттің құзыреті шегінде қойылған сауалдарға жауап берді.
Сөз соңында алдағы уақытта Заңға сәйкес жемісті жұмыс істеулеріне сәттілік тіледі.