
2021 жылдың 6 мамырында Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы талаптары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы туралы жиналыс өткізілді.
Департамент басшысы С.Ж.Қасымов мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметші мәртебесіне нұқсан келтіретіндей әрекеттерге бармау, өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін болдырмау және оның салдары туралы айта отырып, аудит объектісінде мемлекеттік қызметшінің іссапарларда және тұрақты жұмыс орнынан тыс жерлердегі мінез-құлқы туралы жадынамасын қатаң сақтауды ескертті.