
Жоспардан тыс мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталуы сұрағы бойынша жүргізілген аудит қорытындысымен барлығы 6039,8 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды.
Атап айтқанда: Мердігер «ЕрАй Құрылыс» ЖШС-мен 4 449,1 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалмаса, 1590,7 мың теңгенің тауарлары, қосалқы бөлшектер ғылыми-жобалық құжаттары негіссіз шығысқа жатқызылған. Анықталған бұзушылықтардың 4 449,1 мың теңгесі жұмыстарды орындау арқылы, 1 590,7 мың теңгесі бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жатады.
Аудит объектісіне бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру туралы нұсқама енгізілді. Бұзушылықтарды жою іс шаралары жалғасуда.