
Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Нұрқасынұлы Қожиннің қатысуымен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Н.Н.Кожин коронавирусқа қарсы вакциналар, вакцинацияның кімге жасалатыны, қай жерде жүргізілетіні, вакцина салуға жатпайтын адамдар, вакцинадан бас тарту, вакциналардың қандай жанама әсерлері болатыны туралы тың ақпараттармен бөлісіп, Департамент қызметкерлерінің сұрақтарына толық және нақты жауап берді.