Төрағаның 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтауы

Төрағаның 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

“Бірлік бар жерде тірлік бар” дейді қазақ халқы. Қонақжай, бауырмал қазақ халқының және басқа ұлттардың өзара достығының арқасында еліміз бейбіт әрі бақытты ғұмыр кешуде. Татулық, алдымен отбасынан және осындай ұжымнан басталады. Біздің ұжым да бір жағадан жең, бір жеңнен қол шығарып, бірлігі мығым болған кезде, кез-келген күрделі мәселені шешетін боламыз.

Баршаңызды айтулы мерекемен тағы бір мәрте құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық пен татулық, дендеріңізге саулық тілеймін!