«Ақжайық- адалдық алаңы» аясындағы семинар кеңес

«Ақжайық- адалдық алаңы» аясындағы семинар кеңес

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.Қ.Жамаубаевтың хаттамалық тапсырмасы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудит саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылдың 17 мамырында Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілі Р.Б.Куанышкалиевтің қатысуымен «Ақжайық- адалдық алаңы» аясында семинар кеңес ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілі Куанышкалиев  «Ақжайық- адалдық алаңы» Жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат берді.

Жобаның басты мақсаты - облыс  тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортаны қалыптастыру және халыққа жобаның 7 негізгі бағыты бойынша қызмет алуы кезінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою үшін жағдай жасау, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, қаржылық және өзге де қызметтер басым болып табылады.

Семинарда басшының орынбасары Виталий Львович Пак сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, аудит нәтижелері, БАҚ-пен өзара іс-қимыл, аудит стандарттарын сақтау және аудиторлардың жауапкершілігі жөніндегі департаментте жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.