Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 97 бабының 6 тармағының және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» ережесінің 238,243 тармақтарының талаптарын бұза отырып, аудит объектісі «Байқоңыр» ЖШС-не құрылыс объектісі бойынша атқарылмаған жұмыстары үшін 49 413 970 теңге сомасында төлем жасаған.
Осы негізде Қазақстан Републикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, «Іле ауданының құрылыс бөлім» ММ-не, «Байконыр» ЖШС-не (мердігер) және «Музтау» ЖШС – не (техбақылау) қатысты процессуалдық шешім қабылдау үшін аудит құжаттарын ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментіне жолданды.