"Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ сәйкестік аудиті

"Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ сәйкестік аудиті

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасы бойынша "Алматы облысы Талдықорған қаласы Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерінің құрылысы" объектісі бойынша бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану мәселесі бойынша департаменттің маманы "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" 
ММ сәйкестік аудитін жүргізген.

Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша келесі бұзушылықтар анықталды:

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 
4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің 238,243-тармақтарын бұза отырып, бөліммен "Алматы облысы Талдықорған қаласының Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерінің құрылысы" объектісі бойынша орындалмаған жұмыстар үшін 1 163,8 мың теңге төлем жүргізілген, аталған сома аудит жүргізк бпрысынд  мердігер тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау арқылы қалпына келтірілген.