Шалқар ауданында аудиторлар 5 824,8 мың теңгенің бұзушылығын анықтады

Шалқар ауданында аудиторлар 5 824,8 мың теңгенің бұзушылығын анықтады

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен "Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-де "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі Тоғыз ауылында клуб салу" жобасы келісім шарт міндеттемелерінің орындалу мәселесі бойынша тәуекелдік операциялар бойынша аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Жүргізілген аудитпен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 654-бабының 1-тармағына (Ерекше бөлім), "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 1-тармағына қайшы, Тапсырыс берушімен Мердігерге орындалмаған жұмыс көлемі үшін, яғни жасалынбаған ойықтар, едендер, әрлеу жұмыстары, су құбыры және кәріз, жылыту және желдету, өрт дабылы, ішкі электр жарығы жұмыстары бойынша жалпы сомасы 5 824,8 мың теңге негізсіз аударылғаны анықталды.

Бөлім басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының 10-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда айыппұл сомасы бюджет табысына өндірілді.

Аудит материалдары тиісті шешім қабылдау үшін жоғары тұрған органға жолданды.

Сонымен қатар, Департаментпен Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіп бойынша аудит объектісіне бұзушылықтарды жою, қалпына келтіру  және де алдағы уақытта қайта жібермеу жөнінде нұсқама жіберілді.

 

В.Ө.Жұмахметова, Ақтөбе облысы

бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

№1 сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы-

мемлекеттік  аудиторы