Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық іс шараның қорытындысы

Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық іс шараның қорытындысы

2019 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес «Кербұлақ ауданының қаржы бөлімі» ММ, «Көксу аудананың қаржы бөлімі» ММ, «Қаратал ауданының қаржы бөлімі» ММ және «Текелі қаласының қаржы бөлімі» ММ-де Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен қаржылық есептілікке аудиторлық іс шара жүргізілді. Іс шара қорытындының нәтижесі бойынша жалпы сомасы 487 776,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Есепті қалпына келтіру тәсілімен анықталған 487 776,5 мың теңге аудиторлық іс шара жүргізу барысында жойылып, шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит объектілерінде үш лауазымды тұлға 278 750 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.