
2021 жылы 46 аудиторлық іс-шара өткізілді, онда аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы сомасы 43 201,6 млн.теңгені құрайды.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 19 799,3 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде сомасы 2 837,2 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар және сомасы 16 962,1 млн. теңгеге рәсімдік бұзушылықтар.
Өтеуге және қалпына келтіруге жататын 2 837,2 млн.теңге мөлшеріндегі бұзушылықтар сомасынан 579,8 млн. теңге өтелді және қалпына келтірілді.
Мемлекеттік аудит объектілеріне 30 нұсқама жолданды, оның ішінде 23 нұсқама орындалды.
Лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 4,5 млн.теңге сомасына 33 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде бюджет кірісіне 4,5 млн. теңге немесе 2020 жылғы кезеңмен салыстырғанда 100% - ға немесе 49% - ға көп өндіріп алынды.
Қылмыстық қудалау органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде тартылған мамандар ретінде 21 тексеруге қатысты, олардың барысында жалпы сомасы 40 240,7 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар, камералдық бақылаумен мемлекеттік сатып алудың 40 782 рәсімі қамтылды.
Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері Департамент басшылығының тұрақты жеке бақылауында болады.