Бүгінгі күні бұл институт оң нәтижесін көрсетті, нақты айтқанда:
- бұзушылықтардың уақтылы алдын алу және жол берілмеу;
- объектілердің өздеріне бұзушылықтарды қалпына келтіруге құқық беріледі;
- объектілерге әкімшілік жүктеме азайтылды.
Сонымен қатар, камералық бақылаудың барлық бизнес үдерістерін автоматтандырылуына байланысты мемлекеттік сатып алуды қамтудың процедуралары көбейтілді.
Департаментпен 2019 жылдың I - тоқсанында 42 мынан астам сатып алу қаралып, нәтижесі бойынша объектілерге 43,8 млрд. теңгеге 3227 хабарлама жіберілді.
Осылайша, Департаментпен 43,8 млрд. теңгеге, бұзушылықтардың алды алынып, 265-тен астам лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.