
2021ж 23 сәуірінде ANTIKOR LIVE жобасы аясында «Ақжайык-адалдык аланы» ФБ парақшасында БҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі –Нурмуканов Кайролла Тлешович және бөлім басшысы Мулдагалиева Гаухар Бауыржановна тікелей эфир өткізілді.
Тікелей эфир барысында БҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлері ағымдағы қызмет, функциялары мен міндеттерін орындауы туралы әлеуметтік желі қолдаушыларына ақпарат берді.