Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2021 жылдың 1 тоқсанының қызметі туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің  2021 жылдың 1 тоқсанының қызметі туралы ақпарат

Департаментпен 2021 жылдың 1 тоқсанында 44 аудиторлық іс-шаралары  өткізіліп, бақылаумен қамтылған қаражат сомасы 4 340,6 млн.теңгені құрады.

Аудиторлық іс – шаралардың қорытындылары бойынша бюджет және өзге де заңнаманы бұзушылықтар 4 167,3 млн.теңге (немесе аудитпен қамтылған соманың 96%), оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 3 656,6 млн. теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар-510,7 млн. теңге анықталды.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша қалпына келтіруге, өтеуге  және сәйкестендіруге  жататын жалпы сома 3 672,8 млн. теңгені (немесе анықталған бұзушылықтар сомасының 88,1%) құрады, оның ішінде:

қалпына келтіруге жататыны – 78,8 млн. теңге, оның ішінде тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен қалпына келтірілгені – 28,4 млн. теңге (36,0%),

бюджетке өтелуге жататыны-1 805,1 млн. теңге, оның ішінде бюджет кірісіне өтелгені-1 768,7 млн. теңге (98%),

есепке алу бойынша – 1 772,7 млн. теңге, оның ішінде есепке алынғаны бойынша – 1 772,7 млн. теңге (100%),

сәйкес келтіруге жататыны-16,1 млн. теңге, сәйкестендірілгені -0,2 млн.теңге (1,2%).

Өтелмеген және қалпына келтірілмеген қалдықтар бойынша қылмыстық, сот және талап-арыз жұмыстары жүргізілуде.

Бақылауға жататын 17 159 лоттың 16519 лоты  (96,2%) камералдық бақылаумен қамтылып,  қорытындысымен 577 хабарлама жолданып,  уақытылы орындалмаған 4 хабарлама бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462 бабы 3 тармағымен 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік сатып алу заңнамаларың бұзушылықтардың жалпы сомасы  650,9 млн. теңгені құрады.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 40 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 32 немесе 80 пайызы орындалды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тексерілген объектілердің 38 қызметкері тартылып, оның ішінде 1-і атқаратын лауазымынан босатылды.

Департаментпен құқық қорғау органдарына 3 маман қорытындысы  түзетіліп ұсынылды.

2021 жылдың есептік кезеңінде Департаменттің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 6,3 млн.теңгеге 240 әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 6,1 млн. теңге өндіріліп алынды, бұл өтеудің 96,8% - ын құрайды.

2021 жылдың 1 тоқсанында құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 4  аудит материалдары  жолданды.