
Ағымдағы жылдың 14-16 сәуірінде Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Д.Алматов және персоналмен жұмыс және қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгері Қ.Утеуовамен Ақтөбе облысының Ойыл, Қобда және Мұғалжар аудандарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және алдын алу мақсатында Мемлекеттік сатып алу заңнамаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудандар әкімі орынбасарларының төрағалығымен өткізілген семинарға ауданның мемлекеттік сатып алуына жауапты бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдерімен қоса мамандары қатысты.
Семинар барысында Департаменттің заңгері Қ.Утеуова мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде техникалық ерекшелікте белгілі бір әлеуетті өнім берушінің тиесілілігін айқындайтын талаптарға жол берілмеуі қажеттігіне тоқтала кетті және мұндай талаптарды қоймау сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізетіндігін назарға алды.
Сондай-ақ, Департаменттің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Д.Алматов мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде туындаған қиындықтарды шешу жолдарын түсіндіріп, басқа да Департаменттің құзыреті шегінде қойылған сауалдарға тиісті жауаптарын берді.
Бұған басқа, Д.Алматов мемлекеттік сатып алу өткізу уақытында камералдық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды дер кезінде жою мақсатында 10 жұмыс күні ішінде орындау үшін жіберілетін хабарламаны уақытында орындамау, тиісті түрде орындамау және мүлде орындамау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатынын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұратынын баса назарға алып, мұндай бұзушылықтарға жол бермеу керектігін ескертті.
Сөз соңында алдағы уақытта заңға сәйкес жемісті жұмыс істеулеріне сәттілік тіледі.