Спикерлер сондай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеген кезде сатып алуды ұйымдастырушылардың қателіктерін жою тәжірибесімен бөлісті, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жоспарланған өзгерістер, мемлекеттік сатып алу бойынша сот тәжірибесі туралы хабарлады.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезіндегі қателерге және оларды шешу жолдарына қатысты тақырып ерекше қызығушылық тудырды.
Айта кетейік, Мемлекеттік сатып алу бойынша қазақстандық форум - бұл мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган, сатып алу саласындағы бірыңғай оператор, бір тараптан жоғары сот органы және жеткізушілер, екінші тараптан тапсырыс берушілер арасындағы диалогқа арналған бірегей алаң.
Форумды ұйымдастырушы-ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитетінің, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының, "Атамекен" кәсіпкерлер Палатасының қатысуымен " ХҚЭДО-Қазақстан" сандық баспасы.