Ақтөбе облысының ІМАД басшысының орынбасары Мұрат Мұхаметрахимов «Ақтөбе - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде тікелей эфирде сұхбат берді

Ақтөбе облысының ІМАД басшысының орынбасары Мұрат Мұхаметрахимов «Ақтөбе - Адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінде тікелей эфирде сұхбат берді

 

          2021 жылдың 23 сәуірінде  Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  басшысының орынбасары Мұрат Әлібекұлы Мұхаметрахимов «Ақтөбе - Адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінде «Antikor Live» бағдарламасы шеңберінде  Ақтөбе облысының тұрғындарына  Департаменттің 2021 жылғы І тоқсандағы  аудиторлық қызмет қорытындылары және    Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің алдында тұрған функциялар мен міндеттерді  түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  бойынша жүргізіліп жатқан шаралар    бөлігінде  тікелей эфирде  сұхбат берді. 

         Сонымен қатар, сұхбат барысында Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу  туралы заңнамаларына  түсіндірмелер берілді.