
Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің басшы орынбасары, Әдеп уәкілі Н.А. Анесов Түпқараған аудандық Адалдық алаңы жобалық кеңсесінде билік пен қоғам арасындағы кері байланысты орнату және қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау және Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметін, функцияларымен алға қойған мақсаттарын түсіндіру мақсатында аудандағы мемлекеттік мекеме басшылары мен өңір тұрғындарының қатысуымен семинар-кеңесі өткізді.
Семинар-кеңесте Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшы орынбасары, Әдеп уәкілі Н.А. Анесов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу, болдырмау туралы сонымен қатар Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметімен функциялары және алға қойған мақсаттары туралы атап өтті. Осы кезекте мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметкердің жұмысы, іс-әрекеті - шындық, айқындық адалдық, ашықтық принциптеріне негізделуі қажет екендігін атап өтті.