
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі - Департамент) 2021 жылғы 20 сәуірде ZOOM байланыс жүйесі арқылы бейнеконференция режимінде Шығыс Қазақстан облысының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілдерімен семинар ұйымдастырылды, кеңеске 58 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өкілдері және олардың ведомстволық бағынышты ұйымдарының 100-ге жуық өкілдері қатысты.
Семинарды әдеп жөніндегі уәкіл, Департамент басшысының орынбасары Ж.Д.Жумжуменова ұйымдастырды.
Семинар барысында семинарға қатысушылар Департаменттің 2021 жылға арналған негізгі мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырылды.
Сонымен, Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі - 2021 жылға арналған объектілер тізбесін жүзеге асыру болып табылады, осы бағытта 2021 жылдың 1 тоқсанында облыстың білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қарамағындағы 13 объект аудитпен қамтылды.Аудит барысында барлық объектілерде заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 727,2 млн.теңге сомасына рәсімдік және 58,6 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар болды. Бүгінгі күні, қолданылған шаралармен 3,3 млн. теңге өтелді, 2,2 млн. теңге қалпына келтірілді, 38,5 млн. теңге есеп бойынша көрсетілді, сонымен қатар 0,291 млн. теңге айыппұлмен 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке және 5 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Қазіргі уақытта бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.Сондай-ақ, семинар барысында Департаменттің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында бекітілген жедел жоспар көрсеткіштерінің орындалуы туралы қысқаша айтылды.Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Департаментпен бұзушылықтарды өтеу/қалпына келтіру көрсеткішіне 79,7% қол жеткізілді (жоспар бойынша 75%), ішкі аудит қызметі материалдарына сапа бақылауын жүргізу көрсеткіші, жоспар бойынша және орындалуы 100% (сапа бақылауы 2 материалға жүргізілді), аудиторлық іс-шараларды жоспарлау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тиімділігі, жоғарыда көрсетілгендей, барлық 13 объектіні аудитпен қамтып, орындалуы 100% құрады, аудит объектілеріне енгізілген нұсқаулардың орындалуы қамтамасыз ету, жоспар бойынша 70% болса, орындау 73,8% құрады, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу тәуекел рәсімдерін камералдық бақылауды барынша қамту» 98,9%-ға жетті, ал жоспар 75%.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, Департамент қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды мақсатты түрде жалғастыруда, осы мақсатта техникалық оқулар өткізіліп, тексеруге шығар алдында қызметкерлермен нұсқаулық жүргізіледі, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен семинарлар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, семинарда камералдық бақылау сұрақтары, оның ішінде камералдық бақылау бойынша хабарламаларды орындау мәселесі талқыланды. Камералдық бақылау бөлімі басшысының м.а. Е.Мейірұлы алдын алу шаралары ретінде, камералдық бақылау нәтижелері бойынша жасалған хабарламаларды орындау тәртібі туралы түсіндірді, сондай-ақ қатысушылар электрондық мемлекеттік аудит жүргізу тәртібімен таныстырылды.