
2021 жылғы 13 сәуірде КЕАҚ Ақтөбе облысындағы филиалының "Е-өтініш" жобасын іске асыру бойынша жауапты қызметкері Т.М.Жақыповтың қатысуымен Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлерін "Е-Өтініш" жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту өтті.
Оқыту барысында Т.М.Жақыпов барлық қызметкерлерді "Е-Өтініш" жүйесінде өтініштермен жұмыс істеу нұсқаулығымен таныстырды, іс жүзінде қалай жұмыс істеуді көрсетті және жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.