ШҚО балалар үйлерін тексеру нәтижелері

ШҚО балалар үйлерін тексеру нәтижелері

ҚР ҚМ ІМАК ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған он үш мекемеде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану мәселесі бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтады.

Аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша жарты миллиард теңгеден астам сомаға (577,8 млн.тенге) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзылғаны анықталды, оның ішінде бюджет қаражатынан жалақы түрінде, сондай-ақ бөгде ұйымдарға негізсіз аударуы (58,6 млн.тенге), бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуы (98,3 млн.тенге),бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жүргізу кезінде бұзушылықтар (38,1 млн.тенге) және басқа да рәсімдік бұзушылықтар.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласындағы көптеген заң бұзушылықтары анықталды (139,8 млн.тенге), оның ішінде ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуын, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын ескермей сатып алуды жүзеге асыруда көрініс тапқан, сонымен бірге әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер ұсынылмаған.

Департаментпен қабылданған шаралармен есепке алу бойынша қырық миллион теңгеден астам соманы (43,9 млн.тенге) қалпына келтіру және бюджет кірісіне өтеу қамтамасыз етілді, 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 291,7 мың теңге айыппұлмен 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

ҚР ҚМ ІМАК ШҚО

бойынша ІМАД

басшысының орынбасары

Нукаев О.Е.

 

ҚР ҚМ ІМАК ШҚО

бойынша ІМАД №1

сәйкестік аудит бөлімі

басшысының м.а.

Козыгулова Ш.О.