2019 жылдың 5 айында Батыс Қазақстан облдысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 265 әкімшілік өндіріс қозғалса, оның 85 % ҚР ӘКБтК 207 бабы бойынша.
Әкімшілік тәжірибе бақылау объектілерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар жиі жіберілетінін көрсетті.
Мысалға, Департаментпен ШЖҚ «Аксайжылукуат» МКК-де жүргізілген аудитпен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуларға ҚР ӘҚБтК тің 207 бабы 12 тармағымен 136 әкімшілік іс қозғалды. ҚР ӘКБтК тің 207 бабы 12 тармағында ықпал шара жүз айлық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көздейді.
Департаментпен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаралып, ШЖҚ «Аксайжылукуат» МКК директорына 5 411 250 тенге айыппұл салынды.
ҚР ҚМ ІМАК Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті