Келісім шарттың тиісті түрде орындалуы уақытылы бақылауды қажет етеді

Келісім шарттың тиісті түрде орындалуы   уақытылы бақылауды қажет етеді

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен "Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ-де "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылында әкімшілік ғимарат салу" жобасы бойынша келісім шарт міндеттемелерінің орындалу мәселесі бойынша тәуекелдік операциялар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларының сәйкестігіне аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудит нәтижесінде мемлекеттік сатып алу веб-порталының деректеріне сәйкес "Қолғанат Құрылыс" ЖШС-імен Тапсырыс берушіге  веб-портал арқылы 49028,2 мың теңгеге орындалған жұмыстар актілері жіберілмегені және Тапсырыс берушімен орындалған жұмыстар актілеріне қол қойылмағандығы анықталды. Яғни, төлем мердігермен қағаз тасығышта ұсынылған орындалған жұмыстардың актілері бойынша жүргізілген.

Сондай ақ, "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығының 272 тармағына қайшы, 2411 "Аяқталмаған құрылыс" қосалқы шотында және 01.01.2021 жылға арналған баланстың 115 "Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар" жолы бойынша объектіні көрсету кезінде Бөліммен жалпы сомасы 1854,6 мың теңгенің шығындары есепке алынбағандығы және  жалпы сомасы 50882,8 мың теңгеге "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы" 393 аяқталған нысаны 2321 "тұрғын емес ғимараттар" қосалқы шотына жатқызылмағандығы анықталды.

Аталған бұзушылықтарға жол бергені үшін бөлімнің бас есепшісіне қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы» кодексінің 238 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Жүргізілген аудиторлық тексерумен Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 654 бабының 1 тармағына (Ерекше бөлім), "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60 бабының 1 тармағына қайшы, Тапсырыс берушімен орындалмаған жұмыстар көлемі үшін  Мердігерге  жалпы сомасы 4743,5 мың теңге негізсіз аударылғаны анықталды. Тексеру кезінде жалпы сомасы 4278,1 мың теңгенің бейнеконференцияларға арналған жабдығы, 465,4 мың теңгенің партерлік көгалы болған жоқ.

Аудит барысында  Мердігермен бейнеконференцияларға арналған жабдық және көгал тұқымы жеткізілді.

Мердігер тарапынан өзіне қабылданған келісім шарт міндеттемелерін тиісті түрде орындамағанына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар қабылдамағаны үшін Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, аудит қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының бұзылуына жол бергені үшін Тапсырыс берушіні және мердігер, техникалық қадағалау, авторлық қадағалаудың заңды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін хат жолданды.

Аудит материалдары тиісті шешім қабылдау үшін жоғары тұрған органға жіберілді.

Жоғарыда атап көрсетілген бұзушылықтар бойынша Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен ҚР ӘҚБтК-нің 318 бабы бойынша мердігердің, авторлық және техникалық қадағалаудың заңды тұлғалары және  ҚР ӘҚБтК-нің 317 бабы 1 бөлімі мен 3 бөлімі бойынша авторлық және техникалық қадағалаудың жеке тұлғалары (сарапшылар) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қорытындылай келе, алдағы уақытта тапсырыс берушілермен, мердігерлермен, техникалық қадағалау және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғалармен жоғарыда аталған осындай бұзушылықтарға жол бермеу  қажеттілігін ескертеміз.

А.Д.Иргалиева, Ақтөбе облысы

бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

№1 сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы