Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау нәтижелері туралы.

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау нәтижелері туралы.

Камералдық бақылау іс шараларымен 281 сатып алу (лоттар) 566 млн.тенге  бұзушылықтар анықталып,  281 бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберілді,  қазіргі таңда конкурстық құжаттамаларға (конкурстық құжаттамаларды алдын ала талқылау барысында) өзгерістер енгізу арқылы 255 сатып алу, 26 сатып алу  (лот) күшін жою арқылы орындалды.

Жіберілген бұзушылықтарды талдаумен негізінде шарттарды орындауда өнім берушілерге  талаптарымен, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу, негіссіз рұқсат құжаттарының болуы талаптары, жекеленген  мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің мемлекеттік сатып алуға қатысуы мүмкіндіктерін ескеруісіз жариялау бұзушылықтары және тағы басқалар.

Мысал ретінде: «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Батыс Қазақстан облысы аумағында Кіші Өзен су қорғай аймақтары мен белдеулерін анықтау» құрылыс жобалау сметасын дайындау жұмысы мемлекеттік сатып алу рәсімінде Ереженің 175 тармағы бұзылып -  демпингтiк белгісі қойылмаған.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасымен 2019 жылға салауатты өмір салтын насихаттау және мінез-құлықтық қауіп факторларының және аурулардың алдын алу бойынша қызметін сатып алуда  Заңның 21 бабы 3 тармағы бұзылып әкімшілендірілмейтін  медициналық қызмет көрсету рұқсат құжаттары сұрату талаптары белгіленген.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесімен 2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасының және БҚО аудандарының аумағын дамыту бағдарламаларының іске асырылуын талдау жөніндегі зерттеу қызметін мемлекеттік сатып алу рәсімінде Заңның 21 бабы 3 тармағымен Ереженің 442 тармағы бұзылып, әкімшілендірілмейтін жұмыс тәжірибесінің болуы талабы  белгіленген.

Аталған талаптар  әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне және сатып алулардың күрделенуіне алып келеді.

Департаментпен хабарламалардың орындалуы мен қарсылықтардың жолданулары бойынша түсінік жұмыстары  тұрақты түрде жүргізілуде.

ҚР ҚМ ІМАК Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті