Тасқала ауданы әкімдігінің ШЖҚ "Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы" МКК аудит нәтижелері

Тасқала ауданы әкімдігінің ШЖҚ "Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы" МКК аудит нәтижелері

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өтініш негізінде Тасқала ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізуге құқылы) Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есептілік сұрағы бойынша аудит іс шарасын ұйымдастырды.

Аудитпен заңмен  тауарларды сатып алу егер, біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспаса жүргізілетініне қарамастан Кәсіпорын қосалқы бөлшектер, материалдар жанар-жағар майлар тікелей шарт жасасу арқылы сатып алу жүзеге асырған. Бұдан басқа Кәсіпорын 2 660 365 тенгенің негізгі мүліктерінің құны негізсіз ағымдағы шығындарға жатқызылып, сәйкесінше 95 391 тенге амортизациялық тозу сомасы есептелінбеген. Сонымен қатар Кәсіпорынмен 4 997 768 тенгенің негіссіз шығындарға шығарылған авто көліктерге қондырылған қосалқы бөлшектері есептілікке қалпына келтіруге жатады.

Аудит қорытындысымен ҚР ӘҚБтК 207 бабы 11 тармағымен  11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

ҚР ҚМ ІМАК Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті