«Бөкейорда ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүргізілген аудит іс-шараның қорытындысы

«Бөкейорда ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүргізілген аудит іс-шараның қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» № 234 Заңының 6 бабы 1,4 тармақтары бұзылып, 2015 жылдың 1 қаңтары мен 2017 жылдың 31 желтоқсаны аралығында есепшімен шаруашылық операциялары бухгалтерлік есептіліктің есепшоттар Жоспарына сәйкес ұйымдастырылмаған. Бақылаумен қамтылған мерзімде «Бас кітап», №2,5,6,8,9,13 мемориальдық ордерлері, айналым ведомостылары жүргізілмеген.

Есепші өзінің карт-шотына негіссіз (бұйрықсыз) іссапар шығына түрінде  378,8 мың.тенге, техникалық қызметкерге 72,8 мың.тенге қаражат аударған.

Қызметтерге іссапар шығындары аванстық есептіліктер сомаларының үстіне 18,9 мың теңге артық аударылса, 159,7 мың теңге кем есептелінген.

Басшының электронды цифрлы қолын пайдалана отырып, есепші өзінің карт-шотына еңбек ақы есебінен барлығы 1 815,5 мың теңге қаржы аударылған.

Бақылау барысында буцхгалтерлік есептілікпен 168,0 мың тенгенің негізгі мүлкі қалпына келтірілді.

Аудит іс шаралары қорытындысы қылмыстық айыптау органдарына жіберілді, сонымен қатар бухгалтерлік есептілікті жүргізбеуде қылмыстық құқықбұзушылық белгілері анықталмаған жағдайда лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады.