Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудағы бұзушылықтар анықталды және нысандардың құрылысына бюджеттік несиелер бөлінді

Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудағы бұзушылықтар анықталды және нысандардың құрылысына бюджеттік несиелер бөлінді

Бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес "Солтүстік қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының" білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы" КММ аудиторлық іс-шаралары жүргізілді (аудиторлық есеп 08.02.2021 ж. № 22), тексеру қорытындысы бойынша 1 570 172,0 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, бұл бұзушылық Мемлекеттік сатып алу шарттарына техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды (ноутбуктер мен компьютерлерді) мекеменің теңгеріміне қабылдаумен байланысты.

"СҚО Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша (05.03.2021 ж. № 34 аудиторлық есеп) 65 475,2 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, аудит объектісімен жасалған мемлекеттік сатып алу шартының талаптарында көзделмеген алдын ала төлемге жол берілді, сондай-ақ аудит барысында мердігер құрылыс жұмыстарын орындау жолымен 3 583,7 мың теңге сомаға көлемді қалпына келтірді.

 

Дереккөз: СҚО ІМАД №1 сәйкестік аудиті