
2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» ҚР Кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты, қолданыстағы 2 заңның, атап айтқанда: «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының және «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының күші жойылады.
ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бастамасы бойынша 2021 жылғы 12 наурызда судьялар корпусының өкілдері: ШҚО МАЭС судьясы Ілиясов Қайрат Әубәкірұлының және Өскемен қалалық сотының судьясы Мағзұмова Махаббат Сапарқызының қатысуымен семинар кеңес өткізілді, олар осы семинар барысында қатысушыларды Кодекстің негізгі ережелерімен және талаптарымен таныстырды.
ӘРПК негізгі міндеттері:
- жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру;
-жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу;
- тиімді және ашық мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету;
- жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Яғни, кез келген тұлға бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін ӘРПК белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.
Осылайша, ӘРПК-нің қабылдануы және күшіне енуі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кезіндегі жауапкершілігін күшейтеді.