
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдардың бірі болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес бұзушылықтың алдын алу шараларының бірі заңды және жеке тұлғалардың әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілігі болып табылады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Департаментпен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің баптары бойынша 421 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде 207 бап бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін- 371, 239 бап бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін- 16, 462 бап бойынша қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін -16.
Департаментпен салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 16 909,3 мың теңгені құрады, соның ішінде сомасы 16 353,7 мың теңгеге өндіріліп алынды.
Департаментпен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 810 және 811 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қысқартылған өндірісті қолдануды белсенді жүзеге асыруда, бұл әкімшілік іс жүргізу қозғалған тұлғаға жеті тәулік ішінде баптың санкциясында көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде айыппұл сомасын төлеуге мүмкіндік береді.