Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Ішкі аудит қызметімен кеңес өтті

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Ішкі аудит қызметімен кеңес өтті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылғы 3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Ішкі аудит қызметімен кеңес өткізді. Кеңесте қаржылық бұзушылықтардың қолданыстағы бұзушылықтар сыныптауышына сәйкес біліктілігінің дұрыстығы мәселелері талқыланды, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ Мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын түсіндіру қаралды.