Батыс Қазақстан облысы бойынша ІМАД 2020 жылғы қызметінің қорытындысы

Батыс Қазақстан облысы бойынша ІМАД 2020 жылғы қызметінің қорытындысы

2020 жылы Департамент жалпы сомасы 18 126,5 млн. тенгенің бюджет қаражатын қамти отырып 158 аудиторлық іс шаралар ұйымдастырды.

Аудит қорытындысымен 17 935,0 млн.теңгеге бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар -3 420,7 млн.теңге, рәсімдік бұзушылықтар - 14 514,3 млн.теңге.

Бұдан басқа 2 184,5 мың.тенгеге мемлекеттік сатып алу заңнамалдарын бұзушылықтар анықталды.

Аудит іс шаралары қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне бұзышылықтарды жою туралы  132  нұсқама жолданды.

Жіберілген кемшіліктер үшін  аудит объектілерінің 113 қызметкері тәртіптік жазаға тартылса,  оның ішінде 2- уі қызметтен босатылды, жалпы сомасы 19,4 млн.тенгеге 338 әкімшілік хаттама толтырылып, 18,8 млн.теңгесі өндірілді.

Процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 684,2 млн.теңгеге  20 аудит материалдары жолданды.

Департамент қызметкерлерімен құқық қорғау органдары 33 маман қорытыдысы түзетілді, сот органдарына 19 талап арыз жолданып 8 талап толықтай немесе ішінара қанағаттандырылды.

2020 жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 106  іс шара ұйымдастырылса, 142- аудит  қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарымен интернет ресурстарда жарияланды.