Шығыс Қазақстандық департаментінің 2020 жылға аудиторлық іс-шараларының қорытындысы

Шығыс Қазақстандық департаментінің 2020 жылға аудиторлық іс-шараларының қорытындысы

2020 жылы ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жалпы сомасы 33 929,2 млн.теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қамти отырып, 204 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Нәтижесі бойынша жалпы сомасы 20 857,1 млн.теңгеге бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар - 5 867,0 млн.теңге, рәсімдік бұзушылықтар - 14 990,1 млн.теңге.

Мемлекеттік аудит объектілеріне 192 нұсқама жолданды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 98 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұзушылықтарға жол бергені үшін 148 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қылмыстық қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл аясында іс жүргізу шешімін қабылдау үшін 143,2 млн.теңге бұзушылықтар сомасына              19 аудит материалы берілді, сотқа 5 қылмыстық іс жеткізілді, 55 тексеруге қатысты, олардың барысында жалпы сомасы 380,8 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Департамент талап-арыз жұмысы бойынша сотқа 36 талап арыз берді, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 33.

593 389,4 млн.теңге сомасына 150 262 мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтамасыз етілді, нәтижесінде 57 194,4 млн. теңге сомасына 988 лот бойынша бұзушылықтардың дер кезінде жолы кесілді.

2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру аясында Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған 98 іс-шара өткізілді, соның ішінде ШҚО бойынша МҚІжСЖҚА департаменті, «Нұр Отан» партиясы, ШҚО Прокуратурасы және ШҚО бойынша ЭТД өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізілді.

Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері Департамент басшылығының үнемі жеке бақылауында.