Павлодар облысы бойынша ІМАД 2020 жылғы қызмет нәтижелері жөніндегі ақпарат

Павлодар облысы бойынша ІМАД 2020 жылғы қызмет нәтижелері жөніндегі ақпарат

Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2020 жылы 199 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның 4-і Ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес және 195-і жоспардан тыс аудиторлық іс-шара.

Жүргізілген аудиторлақ іс-шарамен жалпы сомасы 34,98 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражаты қамтылды, іс-шара барысында жалпы сомасы 18,57 млрд. теңге құрайтын бұзушылық анықталды.

Анықталған бұзушылықтың жалпы сомасынан 2,73 млрд. теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылық құрап отыр, оның ішінде бюджетке орнын толтыруға 77,55 мың теңге, қалпына келтіруге 281,44 мың теңге жатады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шарамен жалпы сомасы 7, 64 млн теңге құрайтын мемлекеттік сатып алу қамтылды, іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алудың қорытындысына ықпал еткен 2,31 млн теңге, мемлекеттік сатып алу қорытындысына ықпал етпеген 3,02 млн. теңге көлеміндегі бұзушылық анықталды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша 199 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылыққа жол беру бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 365 іс қозғалды, 19,65 млн. теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды, оның ішінде 17,78 млн теңге көлеміндегі қаражат мемлекет пайдасына өндірілді.