
ҚР ҚМ ІМАК ШҚО бойынша ІМАД аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша Курчатов қаласының ТҮКШ бөлімінде «Курчатов Водоканал» ШЖҚ МКК пайдасына бюджет қаражатының негізсіз аударылғаны анықталды, мемлекеттік бюджетке келтірілген залал қырық сегіз миллион теңгеден астам соманы құрады.
Осылайша, мемлекеттік аудитор Ф.Т. Адылгазиновпен «Курчатов Водоканал» ШЖҚ МКК мемлекетке жалпы сомасы 48,2 млн. теңгеге шот ұсынғаны, ал Курчатов қаласының ТҮКШ бөлімі оларды қабылдап, төлегені анықталды.
Алайда, жүргізілген тексеру орындалған жұмыстар актілерінің жоқтығын, сондай-ақ Курчатов қаласындағы әлеуметтік нысандарды (су құбыры) инженерлік қамтамасыз етудің іс жүзінде болмағанын көрсетті.
Аудиторлық іс-шаралар барысында келтірілген залалдың барлық сомасы республикалық бюджет кірісіне өтелді.
Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу саласындағы көптеген заң бұзушылықтар анықталды, олар үшін ҚР ӘҚБтК 207-бабының 7-бөлігі (100 АЕК) бойынша үш лауазымды тұлға, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 207-бабының 18-бөлігі (200 АЕК) бойынша ТҮКШ бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды.