Астаналық ІМАД-тың 2020 жылғы қызметінің қорытындысы

Астаналық ІМАД-тың 2020 жылғы қызметінің қорытындысы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2020 жылы 107 аудиторлық іс-шара өткізілді, онда аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы сомасы 90 436,4 млн.теңгені құрайды.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 175 778,4 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде сомасы 77 089,9 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар және сомасы 98 688,5 млн. теңгеге рәсімдік бұзушылықтар.

Өтеуге және қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар сомасынан 77 089,9 млн. теңге, өтелген және қалпына келтірілгені -  74 456,1 млн. теңге немесе 96,6 %.

Мемлекеттік аудит объектілеріне 77 нұсқама жолданды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 50 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жіберілген бұзушылықтар үшін 51 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Департамент құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 18 аудит материалдарын берді.

Қылмыстық қудалау органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде тартылған мамандар ретінде 53 тексеруге қатысты, олардың барысында жалпы сомасы 97 812,2 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, камералдық бақылаумен мемлекеттік сатып алудың 146 256 рәсімі  қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау мақсатында департаменттің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, аудит объектісінде этикалық және кәсіптік мінез-құлық нормалары бойынша мақсатты жұмыс, оның ішінде техникалық оқу жүргізіледі. Аудит объектісіне мамандарды жіберген кезде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нұсқама жүргізіледі.

Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері Департамент басшылығының тұрақты жеке бақылауында болады.