
Департаментпен 2020 жылдың өткен мерзімінде 110 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды, оның ішінде: тізім бойынша – 8, жоспардан тыс-102, оның ішінде: 17 – Комитеттің тапсырмасы бойынша, 74 – заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша және 11 – құқық қорғау тапсырмасы бойынша.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 92 нысанда жалпы сомасы 54 300,6 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 8 129,6 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 46 171,0 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 43 590,3 млн.теңге.
Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 8 129,6 млн.теңгеден қолданылған шаралар арқылы 7 490,1 млн.теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 92,1 пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 48 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 61 әкімшілік материал салу – 29,3 млн.теңге, өндірілгені – 22,5 млн.теңге, яғни орнын толтыру 76,6 пайызды құрады.
Жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 1 601,7 млн.теңгені құрайтын 21 материал құқық қорғау органдарына берілді.
Одан бөлек, Департамент қызметкерлері тарапынан 2020 жылдың өткен мерзімінде құқық қорғау органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 3 570,3 млн.теңгені құрайтын 99 қорытынды берілген. Барлық материалдар құқық қорғау органдарының талабымен берілді.