Солтүстік Қазақстандықтар 2020 жылғы аудиторлық іс-шараларын қорытындылады

Солтүстік Қазақстандықтар 2020 жылғы аудиторлық іс-шараларын қорытындылады

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторлары 2020 жылы 130 аудиторлық іс-шаралары өткізілді, олардың барасында 47 507,6 млн.теңге қамтылды.

Сомасы 29 101,5 млн.теңгеге бұзушылықтары анықталды, соның ішінде: сомасы 3 405,4 млн.теңге - қаржылық бұзушылықтары және сомасы 25 696,1 млн.теңге - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары. Сонымен қатар, сомасы 16 187,9 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталынуындағы бұзушылықтары анықталды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша бюджетке қалпына келтірілуге және өтелуге тиісті сомасы 3 405,4 млн.теңгеден қабылданған іс-шаралармен 3 259,5 млн.теңгесі немесе 95,7% қалпына келтірілді, өтелді және сәйкестікке келтірілді.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша есепті күнге орындалу мерзімінің аяқталуы бойынша анықтаған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру жөнінде 121 нұсқама жіберілді, аудит объектілерімен олардың 112 немесе 92,6%
толық көлемде орындалды.

Жіберілген бұзушылықтары үшін 138 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдарына сомасы 4 927,3 млн.теңгеге 16 аудит материалы жіберілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталынуының камералдық бақылау нәтижелері бойынша сомасы 49 849,8 млн. теңгеге 1 665 хабарлама жіберілді.