Атыраулық аудиторларымыздың 2020 жылғы жұмысының қорытындысы

Атыраулық аудиторларымыздың 2020 жылғы жұмысының қорытындысы

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік аудитпен 2020 жылы 55 аудиторлық  іс –шаралар жүргізді.  

Аудиторлық іс-шаралар жүргізу барысында 6 230,7 млн.теңге қамтылып, жалпы сомасы 2 478,7 млн.теңгенің бюджет заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы  2 160,2 млн.теңге  және қаржылық бұзушылықтар сомасы 318,5 млн.теңгені құрап, алынған  шаралармен оның 283,6 млн.теңгесі  қалпына келтіріліп, бюджетке өтелді,  яғни 89 пайыз. 

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес 323 лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 21,4 млн.теңгеге айыппұл салынып, оның ішінде 21,1 млн.теңге  бюджетке  өндірілді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 48 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы сомасы 1 673,8 млн.теңгенің 7 аудит материалы құқық қорғау органына жолданды.

Бұдан басқа, құқық қорғау органдарының сұрау салулары негізінде  мемлекеттік аудиторлармен жасақталған 63 маман қорытындысы бойынша жалпы сомасы 9 025,5 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды.

Мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камералдық бақылау қорытындысымен 1007 сатып алулар бойынша жалпы сомасы 24 447,6 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды, заңнама бұзушылықтары бойынша 1006 хабарлама жіберіліп, толықтай  орындалды.

          Департаментке 598 өтініш  түсті, Заңда көзделген мерзімде  қаралып,  өтініш берушілерге жауаптары берілді.