
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2020 жылы 167 аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Аудитпен қамтылған қаражат көлем соммасы 50 677,7 млн.теңге. Жүргізілген іс - шаралар бойынша анықталған жалпы бұзушылық сомасы 38 753,5 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде;
- қаржылық бұзушылық сомасы 16 650,4 млн. теңге;
- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 22 103,1 млн.теңге.
Қалпына келтіруге, есепке алу бойынша көрсетуге және бюджетке өтеуге жататын аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша 16 650,4 млн. теңге қалпына келтірілді және 16 510,5 млн. теңге есепке алу бойынша көрсетілді, бюджетке өндірілді (99,1 %).
Бұдан басқа, жалпы сомасы 13 284,0 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауда бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: мемлекеттік сатып алудың қорытындысына әсер еткендер - 6 952,4 млн. теңге; қорытындыларға әсер етпегендер - 6 331,6 млн. теңге.
Жүргізілген аудиторлық іс - шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарауға 142 нұсқама жолданып, оның ішінде 126 нұсқама немесе 88,7% көлемде орындалды.
Жіберілген бұзушылықтар бойынша аудит объектілерінің 123 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 атқарылып отырған лауазымнан босатылды.
Құқық қорғау органдарына жалпы соммасы 407,4 млн. теңгеге 4 материал жолданды.
447 лауазымды тұлғаға әкімшілік өндірістік іс қозғалып, 41,8 млн.теңгеге айыппұл салынды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша 98 400,0 млн.теңгеге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 4534 хабарлама жіберілді.