Берік Нажмиденов Тәуелсіздік күніне орай ІМАК қызметкерлеріне наградалар табыс етті

Берік Нажмиденов Тәуелсіздік күніне орай ІМАК қызметкерлеріне наградалар табыс етті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Берік Нажмиденов Комитет қызметкерлеріне наградалар тапсырды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін:

- "Ерен еңбегі үшін" медалімен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІМАД басшысы Утаргазиева Злиха Тұрсынғалиқызы;

- Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Заң басқармасының басшысы Назарова Жаннат Ерсайынқызы марапатталды.

Сондай-ақ, Берік Нажмиденов Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Алмас Кескірұлы Кавкитаевқа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хатын табыс етті.