
Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі-Комитет) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың (бұдан әрі-БКСҰ) қызметінде заң талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Бұл ретте бақылау жұмыстары алдын алу сипатында, яғни профилактикалық бақылау ретінде жүргізілетінін атап өткен жөн. Процедуралар ҚР Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Комитетпен БКСҰ аккредитеу туралы 7 куәлік берілді, 9 өтініш бойынша аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылды, сондай-ақ БКСҰ аккредиттеу туралы 2 куәліктің қолданылуы тоқтатылды.
2026 жылы Комитетпен БКСҰ аккредитеу туралы 1 куәлік берілді.
Қазіргі уақытта елімізде 17 БКСҰ тіркелген.
Көбінесе бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар тарапынан келесі кемшіліктер анықталған:
Сондай-ақ, кейбір БКСҰ біліктілікке үміткерлердің жеке істерін талапқа сай жүргізбей, тиісті түрде сақтамаған. Кей жағдайларда емтихандардың бейнетіркеуі, сондай-ақ бейнематериалдарды жазу және сақтау құралдары болмаған. Емтихандарға тәуелсіз бақылаушылардың қатысуы сирек кездескен.
Комитет БКСҰ-ға нормативтік талаптардың сақталуын бақылауды күшейту және сертификаттау процесін ұйымдастыруды жақсарту қажеттілігіне байланысты ұсынымдар мен нұсқаулармен нұсқама жолдады.
Осы орайда «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 1-бабында кәсіби бухгалтер – кәсіби ұйымның мүшесі болып саналатын, тиісті сертификаты бар (кәсіби бухгалтер) жеке тұлға екені белгіленген.
Осыған байланысты ІМАК үміткерлерге кәсіби бухгалтердің біліктілік құжатын алғаннан кейін Қазақстан аумағында жұмыс істейтін бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына мүшелікке кіруді ұсынады.
«Заң мен Тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру жағдайында бухгалтерлік қоғамдастық тарапынан кәсіби әдепті сақтау, жауапкершілік пен белгіленген талаптарды қатаң сақтау мәселелері ерекше маңызға ие болуда. Себебі ашықтық пен есептілік бүгінде заңнама талаптары ғана емес, сонымен қатар бухгалтерлік қоғамдастық елдің қаржылық қауіпсіздік жүйесінің негізгі қатысушыларының бірі болып табылатын Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық дамуының маңызды шарттарына айналып отыр.