СҚО-да аудит жүргізу кезінде мемлекеттік аудиторлар "Ауыл Ел бесігі" жобасы бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын жұмсаудағы бұзушылықтарды анықтады.
"СҚО Жамбыл ауданы Пресновка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы" жобасына бөлінген 292 млн теңге сомасындағы қаражаттың игерілуін талдау мердігер "Тоир" ЖШС бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес 84 млн теңге сомасындағы шарттық міндеттемелерді орындамағанын көрсетті. Осы жобаны іске асыратын СҚО Жамбыл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне құрылысты уақтылы аяқтау және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту қажеттілігі туралы нұсқама берілді.
Аудит нәтижесі-кестеден артта қалу жойылды, жобаға жауапты бас маман С. Жақыпова